Қызылордада құлаған Ми-8 тік ұшағының қара жәшігінің мәліметтерін ашу басталды

Күні: 14:46, 03-04-2019.

Астана. 3 сәуір. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қызылорда облысында құлаған әскери Ми-8 тік ұшағының қара жәшігінің мәліметтерін ашу басталды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров.
«Қазіргі кезде тергеу органдары геномдық сараптамаларды жүргізді. Сарбаздардың мәйіттері туыстарына берілді, кеше өздеріңіз білетіндей, апаттан мерт болған әскери қызметшілерді жерлеу рәсімі өткізілді. Комиссия жұмыс істеп жатыр, тергеу жүргізілуде. Қазір «Қара жәшіктегі» мәліметтерді ашу шаралары жалғасуда. Бұл оңай жұмыс емес. Оның қанша уақыт алатынын айта алмаймын. Қалай белгілі болады, бірден сіздерге хабарлаймыз», - деді Мұхтаров сәрсенбідегі мәжіліс кулуарында.
Қаза тапқандардың барлығының отбасына, оның айтуынша, көмек көрсетіледі – бесжылдық жалақы төленеді.
«Әскери қызметкер айына қанша алса, сол жалақы көлемі бес жыл бойына төленетін болады. Қаржыгерлер тиісті есептулер жүргізуде. Бұған дейін айтқанымыздай, бастапқы қызметтегі жалақы орта есеппен Т140 мыңнан басталады, шартпен жұмыс жасап жатқандардікі – Т60-70 мың», - деп нақтылады қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары.
Ол сондай-ақ, ұжым, қарулы күштер марқұмдардың отбасыларын назардан тыс қалдырмауда – заңда, вице-министр атап өткендей, әскери оқу орындарына түсу барысында, әскери қызметтен өту барысында жетімдерге, балаларға, әскери қызметкерлерге тиісті жеңілдіктер қарастырылған.
Сондай-ақ, ол апатты жағдайға кінәлілерді жауапқа тарту мәселесіне жауап берді.
«Барлық шешімдер комиссия қорытындысы, тексеру қорытындысы бойынша шығарылатын болады. Мүмкін, нақты лауазымды тұлғалар әрекеті арасында себепті-тергеу байланыс болатын болар. Мұны дәлелдеу керек», - деді Мухтаров.
Еске салсақ, бұған дейін белгілі болғандай, сағат 17.35-те «112» тетігіне Қызылорда облысы Жалағаш ауданында ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабар келіп түсті. Тікұшақ белгісіз жағдайларға байланысты құлап, толығымен жанып кеткен. Тікұшақ бортында 13 экипаж мүшесі болған, олардың барлығының қайтыс болғаны жеткізілді.
Қорғаныс министрлігінде нақтыланғандай, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.
Қораныс министрлігі ІІМ-мен бірге апаттың себептері мен жағдйаын тексеруді бастады. 28 наурызда белгілі болғандай, Қызылорда облысында әскери тік ұшақтың апатқа ұшырауын тексеру бас прокуратурасының бақылауымен жүргізілуде.
Жағдайға Қасым-Жомарт Тоқаев түсінік берді. Ол марқұмдардың туыстарына материалды көмек көрсетуге уәде берді.


Жаңалықтармен бөлісу: