Өзбекстанда 1 қарашадан бастап ағаштардың бағалы түрлерін кесуге мораторий енгізіледі

Күні: 16:51, 31-10-2019.

Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ – Өзбекстанда 1 қарашадан бастап ағаштардың бағалы түрлерін кесуге мораторий енгізіледі, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі (ӨзТАГ).
«Өзбекстан үкіметі 1 қарашадан бастап ағаштардың бағалы түрлерін кесуге мораторий жариялады! Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын, онда сіздердің , еліміздің бей-жай қарамайтын азаматтарының да, мәңгі адами құндылықтарды шынайы сақтаушылардың, сатылмайтын, адал және парасатты азаматтарының үлесі бар!» - деп мәлімдеді өзінің Facebook парақшасында Экологиялық партияның мүшесі Абу-Али Ниязматов.
Оның айтуынша, жақында осы мәселеге қатысты президент жарлығы мен бекітілген тұжырымдама жарыққа шығады.
Еске салсақ, Өзбекстанның осы экологиялық партиясы үкіметтен елдің барлық өңірінде ағаштардың бағалы түрлерін кесуге алты айға мораторий енгізуді ұсынады. Министрлер кабинетіне хатты партия басшысы Борий Алиханов жолдаған.
Соңғы кездері Өзбекстан қалаларында ағаштарды заңсыз кесу көбейіп кеткен, шағымдар көбейіп кеткен. Атап айтсақ, тамыз айының соңында блогерлер мен БАҚ ел басшылығына аталмыш мәселеге қатысты ағаштарды кесуге мораторий жариялау туралы ашық хат жолдаған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: