1-4 сәуір аралығында Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – 1-4 сәуір аралығында Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын жауады деп болжануына байланысты 1-4 сәуір аралығында Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында қар тез ери бастайды. Осыған байланысты өзен бетіндегі мұз еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

adimage