1 500-ге жуық қазақстандық ҚР ҚК бөлімдерінде әскери-оқытылған резервтің дайындығынан өтеді

Астана. 7 қыркүйек.  ҚазТАГ- Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери міндеттілермен әскери жиындар бастау алды. 1 500  қазақстандық ер-азамат екі апта бойы ҚР ҚК шынайы жауынгерлік әскери бөлімдері мен әскери полиция жасақтарында әскери қызмет өткеретін болады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Жиындар жүйелі түрде әскери-оқытылған резервтің құрамын толықтыру және Қазақстан Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру мақсатында өткізіледі», - деп түсіндірді дүйсенбі күні ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінде.
Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, тәжірибелі әскери қызметшілердің басшылық етуімен әскери міндеттілер жауынгерлік даярлық пен әскери іс негіздерін зерделейді, жеке әскери мамандықтарды, қару-жарақ пен техниканы меңгереді. Аяқталысымен олар жиын оқу бағдарламасын игергенін, соғыс уақытында тағайындалуы мүмкін әскери есепке алу мамандықтары мен лауазымдарға сәйкес келуін растап, емтихан және сынақ тапсыруы тиіс.  Әскери-оқытылған резерв бағдарламасын сәтті аяқтағандарға кезекті әскери атақтар беріледі. Жиын қатысушылары арасында офицерлер, сержанттар және запастағы сарбаздар екенін атап өткен жөн.  Олардың ішінде, сондай-ақ әскери қызметке алғаш жолданғандар да бар. Бес күн ішінде олар міндетті түрде әскери ант қабылдайды. Бүгінгі күні жиын Қапшағайда өтіп жатыр. 9 қыркүйектен бастап Қарағандыдағы, Отардағы және Семейдегі Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдерінде, сондай-ақ Қарағанды, Семей, Тараз, Алматы және Шымкент гарнизондарының әскери полиция жасақтарында басталады.

adimage