1 тамызда 929 мың га алқаптан астық жиналды, бұл былтырғы өнімділіктен 19% жоғары – ҚР АШМ

Күні: 19:05, 11-08-2020.

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. 1 тамызда 929 мың га алқаптан астық жиналды, бұл былтырғы өнімділіктен 19% жоғары, деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылығы министрі (АШМ) Сапархан Омаров.
«2020 жылдың 1 тамызында 929 мың га алқаптан астық жиналды, бұл былтырғы жеті айдың көрсеткішінен 37%-ға жоғары», - деді Омаров сейсенбіде Қазақстан үкіметінің онлайн-отырысында.
Оның айтуынша, әзірге 2020 жылғы астықты жинау жұмыстары негізінен оңтүстік облыстарда жүріп жатыр: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, сондай-ақ Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында.
«1,8 млн тонна астық бастырылды. Өнімділік былтырғы көрсеткіштен 19% жоғары болып отыр», - деді Омаров.
Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері де жаңа астықты жинауға кірісті. АШМ ақпарынша, 93 мың га немесе аталмыш өңірлердегі алқаптың 0,8%-нан астық жиналған.


Жаңалықтармен бөлісу: