1 тамыздан бастап Алматыда медқызмет көрсету бойынша мобильді топтар жұмыс жасайтын болады

Күні: 18:12, 29-07-2019.

Алматы. 29 шілде. ҚазТАГ - 1 тамыздан бастап Алматыда медқызмет көрсету бойынша мобильді топтар жұмыс жасайтын болады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«1 тамыздан бастап бір ай бойына сапалы медициналық қызметке қол жетімділік қамтамасыз етілмеген аудандарға мобильді топтарды жібереміз. Жылжымалы кешендер тұрғындарды тексеру үшін құрал-жабдықпен жабдықталған», - деп жазды дүйсенбіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter парақшасында.
Ол атап өткендей, тұрғындарды терапевттер, педиатрлар, кардиологтар мен басқа да сала дәрігерлері қарайды.


Жаңалықтармен бөлісу: