1 желтоқсанда Қазақстан халқының саны 18,4 млн адамды құрады

Күні: 18:54, 15-01-2019.

Алматы. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан халқының саны 1 желтоқсанда 18,376 млн адамды құрады, делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарында.
«2018 жылдың 1 желтоқсанында елдегі халық саны 18,376 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғыны – 10626,2 мың (57,8%), ауылда – 7750 мың (42,2%) адам. 2017 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда халық саны 238,9 мың адамға артқан немесе 1,3%», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: