10-23 қыркүйек аралығында қазақстандық және үндістандық әскердің бірлескен оқу-жаттығулары өтеді

Күні: 12:04, 05-09-2018.

Алматы. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Келесі аптада Отар әскери базасының маңында қазақстандық және үндістандық әскердің екі апталық «Казинд» бірлескен оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлады IANS үнді жаңалықтар агенттігінен.  
«Үндістан мен Қазақстанның «Казинд» бірлескен әскери оқу-жаттығулары 10-23 қыркүйек аралығында Отарда өтеді.  Бұл әскери аренадағы ауқымды ынтымақтастық тарихы бар екі елдің үшінші бірлескен әскери оқу-жаттығулары», - делінген хабарда.  
Бұл ретте атап өтілгендей, екінші бірлескен оқу-жаттығулар Үндістанда былтыр өткен.  
Хабарда айтылғандай, оқу-жаттығулардың мақсаты әскерді дамыту және екі ел әскерлері арасында тәжірибе алмасу.  
«14 күндік оқу-жаттығулардың мақсаты бір-бірінің тактикасын, тәсілдерін және процедуларын өзара түсінуді жақсарту есебінен оңтайлы интеграцияға қол жеткізу», - делінген хабарда.  
Үнді әскерінің баспасөз хатшысының ақпарынша, үнді әскерлері өздерінің «повстандық операциялармен күрестегі үлкен тәжірибесімен» бөлісетін болады.  
«Бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу екі ұлы ел арасындағы байланысты нығайтуға және қорғаныс саласындағы барынша белсенді ынтымақтастық үшін негіз болады», - деді ол.  


Жаңалықтармен бөлісу: