10 жыл бойы ТКШ жетілдірудің жыл сайынғы қаржыландыруы Т200 млрд-ты құрайды – Назарбаев

Күні: 13:36, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы 10 жыл бойы ТКШ және коммуналды желілерді жетілдірудің жыл сайынғы қаржыландыруы Т200 млрд-ты құрайтынын хабарлады.
«ТКШ инфрақұрылымы мен су-жылумен қамтамасыз ету желілерін жетілдіру... Инвестицияларға деген жалпы қажеттілік 2 трлн теңгеден кем емес. Жыл сайын 2020 жылға дейін қаржыландырудың барлық көздерінен 200 млрд теңге бөліп отыратын боламыз – бұл жыл сайын, яғни егер жылма-жыл 200 млрд-тан бөлетін болсақ, алдағы 10 жылда бұл мәселені шешіп тастауымыз тиіс», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні өзінің Қазақстан халқына жолдауында.


Жаңалықтармен бөлісу: