10 жыл бойы ТКШ жетілдірудің жыл сайынғы қаржыландыруы Т200 млрд-ты құрайды – Назарбаев (толығырақ)

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы 10 жыл бойы ТКШ және коммуналды желілерді жетілдірудің жыл сайынғы қаржыландыруы Т200 млрд-ты құрайтынын хабарлады.
«ТКШ инфрақұрылымы мен су-жылумен қамтамасыз ету желілерін жетілдіру... Инвестицияларға деген жалпы қажеттілік 2 трлн теңгеден кем емес. Жыл сайын 2020 жылға дейін қаржыландырудың барлық көздерінен 200 млрд теңге бөліп отыратын боламыз – бұл жыл сайын, яғни егер жылма-жыл 200 млрд-тан бөлетін болсақ, алдағы 10 жылда бұл мәселені шешіп тастауымыз тиіс», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні өзінің Қазақстан халқына жолдауында.
Оның айтуынша, бүгінде ТКШ жетілдірудегі инвестицияларға Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр.
«Ұзақмерзімдік инвестициялық тарифтерді ұсыну арқылы максималды тарту жағын қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
«Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін, ондай жобаларды мемлекеттің бірлесіп қаржыландырғаны қажет. Осыған байланысты жылу-сумен қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру қарқынын жеделдетпек үшін бюджетте қарастырылған қаражатқа жыл сайын жыл сайын 100 млрд теңгеге дейін бағыттау жөнді болады», - деп толықтырды Н. Назарбаев.
Мұнымен қатар ол агломерацияларды қалыптастыру халықтың айтарлықтай ағынымен қатар жүретінін баса айтты.
«Бұл еңбек нарығына, қалалардың инфрақұрылымына қысым жасайды, соның ішінде тұрғын үй қорына. Сондықтан жалдамалы тұрғын үй құрылысының тәсілдерін қайта қарап шыққан абзал», - деді мемлекет басшысы.

adimage