10 жылда мұнайға деген сұраныс өсімі нөлге дейін төмендейді

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Мұнайға деген сұраныс шыңына жетеді, сосын 2030 жылы төмендеуі мүмкін, деп хабарлады Edge Markets ақпараттық порталы.
«Bank of America ақпары бойынша, мұнайды әлемдік тұтынудың алдағы жылдардағы өсімі күрт төмендейді. 2024 жылы сұраныс өсімі екі есе төмендейді, сөйтіп күніне биылғымен салыстырғанда 1,2 мб/д төмендеп, 0,6 млн баррельге дейін жетеді», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, 2030 жылға қарай сұраныс өсімі нөлге дейін қысқарады, себебі тұтыну тұрақты шыңына жетеді, сосын салыстырмалы түрде жылдам қарқынмен төмендейтін болады.
Басылым ақпарынша, мұнай сұранысының қысқаруының негізгі қозғалтпалы күші электромобильдерді тарату болып табылады.
«Электромобиль өндірісінің өсімі бірнеше негізгі металға тәуелді. Мәселен, литий Латын Америкасының бірнеше елдерінде үлкен көлемде өндірілетін. Бұл ретте кобальт кейбір көлік өндірушілер үшін үлкен проблема болатын. Кобальттың әлемдік өндірісінің шамамен 62%-ы Конго Демократиялық Республикасына тиесілі», - делінген жарияланымда.
Хабарда айтылғандай, көлік шығарушылар уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуге қатысты қауіп салдарынан қаржысын тікелей кобальт өндірісіне салуға мәжбүр болуы мүмкін.

adimage