100-ден астам әскери қызметші Қарағанды облысындағы «Алтын үкі-2019» жарыстарына қатысады

Күні: 18:21, 28-08-2019.

Астана. 28 тамыз. ҚазТАГ - 100-ден астам әскери қызметші Қарағанды облысындағы «Алтын үкі-2019» жарыстарына қатысады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің (ИМ) баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай, Қазақстан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан және Үндістан елдерінің әскери мергендері Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығына жиналды. Бұл жерде 28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында арнайы мақсаттағы барлау топтары «Алтын үкі-2019" сайысының бас жүлдесі, алтын кубокты иелену үшін халықаралық додаға түседі.  Бүгін «Алтын үкі – 2019» сайысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қатысушыларды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов қарсы алды.   «Дәстүрге айналған халықаралық жарыс әскери бірлестікті нығайтуға ықпал етіп, шет ел мен Қазақстанның әскери қызметшілеріне жауынгерлік дағды мен шеберлікті паш етуге және өзінің кәсіби деңгейін шыңдауға мол мүмкіндік береді. Полигонда біз қатысушыларға өздерінің кәсіби машықтары мен жауынгерлік шеберліктерін көрсетуге қолайлы жағдай, мейірімділік пен достастық жасауға барынша тырыстық. Сіздерге адал және ымырасыз күрес, әділ төрешілік, жақсылық пен бейбітшілік тілеймін. Сіздердің жақсы дағдыларыңыз тек далалық полигонда табылсын» - деді ол өз сөзінде. Бүгін дәстүрімізге айналған «Алтын үкі -2019» «Барлау топтарының VIII халықаралық сайысын бастағалы отырмыз. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі шетел мемлекеттерімен әскери ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға баса назар аударды. Соның нәтижесі ретінде жарысқа 5 елден 9 команда қатысып, тәжірбие алмасып, достастық қарым-қатынасты нығайтқалы отыр. Қазақстан Қарулы Күштері «Алтын үкі» жарысын 2008 жылдан бастап жүргізіп келеді. Қазақстанның әскери мергендері АҚШ, Қытай, Иордания, Беларусь, Ресей және тағы басқа елдерде қатысқан мергендік сайыстардағы тәжірибесін ескерсек, бұл жарыс Қазақстан армиясының халықаралық бренді болып саналады. Биыл халықаралық жарысқа 100-ден астам әскери қызметші қатысуда. Сайыс 12 кезеңнен тұрады. Қызу тартыс жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған. Қатысушылар бір тапсырманың элементтерін кезең-кезеңмен орындайды: топ дайындығынан жауынгерлік тапсырмаға және эвакуациялауға дейін. Арнайы бөлімшелер жау тылында жүріп-тұруды, жауды табу, барлау және қарсы жақты саптан шығару кезіндегі іс-қимылдарды, топ құрамында жауынгерлік атыстар мен эвакуациялау ауданына кетуді көрсетеді. Тапсырмаларды орындау кезіндегі қатысушылардың пайдаланатын негізгі қару-жарағы Драгуновтың мергендік винтовкасы болып табылады. Бақылаушылар ретінде Италия, Түркия, Қытай, Сербия, БАӘ және Түркіменстанның мамандары шақырылды. Әрбір кезең сапалы топтық жұмысты және әр қатысушының жеке дайындығын көрсетуді талап етеді. Мергендерге су кедергісі мен барлаушының соқпақ жолынан өту үшін күш пен төзімділік қажет болады. Жекелеген кезеңдер әскери топография мен мина-қопару ісі, әскери-медициналық даярлық бойынша тапсырмаларды қамтиды. Сайыс түнгі және күндізгі уақытта өтеді. Қатысушылардың айтуы бойынша: «Аптап ыстық пен құрғақ желдің болуы тіпті, ең тәжірибелі атқыштың жоспарын бұзуы мүмкін», - дейді. Жарыс 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша «Алтын үкі-2019» сайысының бас жүлдесін қанжығасына байлайтын  жеңімпаз құрам анықталады.


Жаңалықтармен бөлісу: