11-12 сәуірде Үлкен және Кіші Алматы өзені су алабында қар көшкіні қаупі сақталып тұр

Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – 11-12 сәуірде Үлкен және Кіші Алматы өзені су алабында қар көшкіні қаупі сақталып тұр, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жауған жауын-шашын әсері және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші Алматы өзені су алабында 11-12 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шықпауды ұсынды және тауда абай болуға шақырды.

adimage