11-13 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астана. 10 тамыз. ҚазТАГ – 11-13 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Аптаның бірінші жартысында оңтүстік циклон Қазақстанға өз ықпалын сақтайды. Республиканың басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр, солтүстік және солтүстік-батыста кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуімен дауыл, желдің күшеюі күтіледі, бұршақтың түсуі ықтимал. Солтүстікте ауа температурасының түнде 7...15 жылыға дейін, күндіз 15...20 жылыға дейін төмендеуі күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

adimage