Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – 11 елдің мергені Қазақстандағы сайысқа қатысады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылғы тамыздың 20-ы мен 25-і аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында мергендер жұбының «Алтын үкі – 2018» VIII халықаралық сайысы өтеді. «Алтын үкі» кубогына әлемнің 11 елінен, яғни, Ауғанстан, Белоруссия, Бельгия, Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Пәкістан, Ресейдің үздік атқыштары бақ сынасады. Бақылаушылар ретінде сайыстарға Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея мен Түркияның өкілдері қатысады», - делінген сейсенбідегі ҚР қорғанысминінің хабарында.
Ведомства ақпарынша, бес күн бойы оқ ату шеберлері әртүрлі қашықтықтардан, жылдамдықтан, әртүрлі нысаналар бойынша оқ атудан, күндізгі және түнгі уақытта жүріп өтілген жерде бүркемелеу мен бағдарлау машығынан күш сынасады. Алдағы жарыстар «Алтын үкі – 2018» сайысының өткізілуі тарихында ең ауқымды болып табылатынын атап өтуге болады.
«Кейбір елдер алғаш рет қатысқалы отыр. «Алтын үкі» халықаралық сайысы 2008 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын және үнемі өзінің ерекшелігімен айрықшаланатынын естеріңізге сала кетейік. Сайысты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде АҚШ, Иордания, Белоруссия, Ресей және әлемнің өзге елдерінің мергендер сайысына бірнеше мәрте қатысқан қазақстандық атқыштардың қатысу тәжірибесі ескерілді. Мергендер өнерінің Азиялық форумы аясында өткізілетін «Алтын үкі» кубогының ойнатылуы мықты кәсіби байланыс орнату және сайыс қатысушылары арасында тәжірибе алмасу міндеттерін жүктейді», - делінген хабарда
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34