11 жылда алғаш рет Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры ауысты

Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ – 11 жылда алғаш рет Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры ауысты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан бокс федерациясы атқарушы директорының лауазымына Маратбек Мықтыбаев тағайындалды. Бұған дейін 11 жыл бойы осы қызметті атқарған Бекжан Бектенов халықаралық істер жөніндегі федерацияның вице-президенті болып тағайындалды»,- деп хабарлады дүйсенбі күні ҚБФ баспасөз қызметінен.
Мықтыбеков бұған дейін дзюдо федерациясының вице-президенті, дзюдо федерациясының президенті міндеттерін атқарған, сонымен қатар Алматы бокс федерациясының атқарушы директоры және Азия бокс конфедерациясының кеңесшісі болған.
Атап өтелік, ҚБФ құрметті президенті - Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев, ал президент - олигарх Кеңес Ракишев.

adimage