12 тамызда Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ – 12 тамызда Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12-13 тамыз күндері Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с артады. Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 18 м/с күшейеді», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылдың ықтималдығы 70-100%.
«12 тамызда Ақмола облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты нөсер күтіледі. Жекелеген аумақтарда найзағай, дауыл, бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады. Найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с артады. Көкшетауда 12 тамызда кейде найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15 м/с жетеді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-100%.
«12 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі», - деп атап өтті сарапшылар.
Дауылдың ықтималдығы 70-100%.
«Шығыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. Өскемен қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Семей қаласында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады», - деді метеорологтар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-100%.
«Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-100%.
«Күндіз 12 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады», - делінген хабарда.
Дауылдың ықтималдығы 70-100%.
«12 тамызда Қостанай облысының кей жерлерде найзағай болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 18 м/с жетеді.Қостанай қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі», - деді баспасөз қызметінен.
Дауылдың ықтималдығы 70-100%.

adimage