14-15 тамызда Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – 14-15 тамызда Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«14 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерлерінде жел солтүстік-батыстан, күші 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі. 14 тамызда тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. 14 тамызда Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл сақталады. 14 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда нақтыланғандай, 14-15 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз 15 тамызда екпіні 25 м/с.
«Нұр-Сұлтан қ: 14-15 тамызда найзағай күтіледі. Күндіз 15 тамызда бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.

adimage