14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ - 14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 14 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage