15 жасар қазақ қызы жас «Мисс Мәскеу-2018» болды

Күні: 16:04, 25-12-2018.

Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ - Дина Қожасаева "Жас Мисс Мәскеу 2018" титулын иемденді, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігі өзінің Facebook парақшасында.
Динаның анасы Линда Қожасаеваның айтуынша, олар Қазақстанда туған, бірақ көп жыл бұрын Мәскеуге көшіп кеткен.
«Қазір Дина 9 класта оқып жатыр, музыка мектебіне барады. Ол өзі модель болғысы келеді, бойы, келбеті барлық талаптарға сәйкес келеді», - делінген сейсенбіде таратылған елшілік хабарында.


Жаңалықтармен бөлісу: