16 сәуірге СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – 16 сәуірге Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен.
«16 сәуіреде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда 16 сәуірде оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage