16 шілдеден бастап банктер үшін ең төмен резервтік талаптар механизміне өзгерістер енгізіледі

Астана. 15 шілде. ҚазТАГ – 16 шілдеден бастап банктер үшін ең төмен резервтік талаптар механизміне өзгерістер енгізіледі, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметнен.
«Ноттар бойынша ставкаларды өсіре отырып, шығарылатын ноттарды 1-3 айдан 6-12 айға дейін ұзарту есебінен ақша нарығында артық өтімділікті алу қамтамасыз етіледі. 16 шілдеден бастап банктер үшін ең төмен резервтік талаптар механизміне өзгерістер енгізіледі», - деп мәлім етті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев дүйсенбідегі үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Ол, Ұлттық Банктің бағалауынша, «сыртқы және ішкі даму факторларының балансы өзгергенін, олар орта мерзімді перспективада макроэкономикалық жағдайларды айқындайтынын» атап өтті.
«Әлемдік экономиканың және Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің болжамы төмендеді, бұл біздің экспортқа сыртқы сұраныстың төмендеуіне әсер етеді. Нарықтар АҚШ пен Қытай арасындағы аяқталмаған сауда келіссөздерін тежеп отыр», - деп түсіндірді қаржылық реттеуші басшысы.
Мұнайдың орташа жылдық бағасы «бір баррель үшін 66 долларға дейін түсті және бағаның төмендеу үрдісі сақталды».

adimage