18,5 мың оқушы мен 24 мың мұғалімнің жеке компьютерлері жоқ – ҚР БҒМ

Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ – Максим Елизаров. 18,5 мың оқушы мен 24 мың мұғалімнің жеке компьютерлері жоқ, деп мәлім етті Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар мектептерге компьютер техникасын сатып алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Жалпы тапшылық бар, ол туралы ашық айту керек. Бүгінгі таңда 18,5 мың оқушы мен 25 мың педагогтың жеке компьютерлері жоқ», - деді Аймағамбетов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Ол мәлімдегендей, 1 қыркүйекке дейін көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы 500 мыңнан астам бала компьютерлік техникамен қамтылатын болады. Педагогтар арасындағы проблеманы мектеп компьютерлерін уақытша қолдануға беру арқылы шешпек.

adimage