18 қазан күні Алматының бірнеше көшелерінде салқын су уақытша тоқтатылады

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ - 18 қазан күні Алматының бірнеше көшелерінде салқын су уақытша тоқтатылады, деп хабарлады «Алматы су» МКК баспасөз қызметінен.
«18 қазагда сағат 09.00-20.00 аралығында Медеу ауданында Береговая, Горная, Елібеков, Қажымұқан, Луганский, Ньютон көшелері бойында орналасқан тұорғын үйлер мен басқа да нысандарда салқын су беру тоқтатылады. «Самал-1», «Самал-2» және «Самал-3», ықшамаудандардың аумағындағы ғимараттарда су қысымы төмендейді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
МКК түсіндіргендей, уақытша шектеу салқын сумен қамту желілерінде құрылғыларды алмастырумен және жаңа су құбырын магистралды құбыр өткізгішке жалғаумен байланысты орын алып отыр.

adimage