190 жаңа мектеп үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешеді – ҚР БҒМ

Күні: 18:37, 06-05-2019.

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – Владимир Радионов. 190 жаңа мектеп үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешеді, деп санайды ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова.
«Орта білім инфрақұрылымы туралы айтар болсақ, бізде үш ауысымды және апатты мектептер барын ескеру керек. Алдағы үш жылда – 190 мектеп. Оның 89-ы үш ауысымды мектептер, 13-і апатты мектептер, 72-сі оқушы орны тапшылығын жоятын болады», - деді Шамшидинова дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол хабарлағандай, мектеп құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарын жанбасылық қаржыландыру да кеңінен талқылануда.
«Білім министрлігі үлкен талдау жұмыстарын жүргізді, өңірлер анықталды, болашақта балалар санына қарай ақша бөлінеді, ал қай жерде және қалай салу керектігін жергілікті атқарушы орган шешеді», - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар ол атап өткендей, орын тапшылығы мәселесі ішінара білім саласындағы жеке сектор есебінен шешілуде.
«Былтырдан бері орта білім саласындағы мемтапсырыс жеке мектептерге орналастырылуда, бұл да оқушы орны тапшылығын шешуге көмегін тигізеді», - деді министр.


Жаңалықтармен бөлісу: