2 маусымға Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 1 маусым. ҚазТАГ – 2 маусымға Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«2 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: 2 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады екпіні 15-18 м/с. Көкшетау қ.: күндіз 2 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады екпіні 15-20 м/с», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-75%.
«2 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», - деді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«2-4 маусымда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қ.: 2-4 маусымда күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі», - деді баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«Күндіз 2 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-85%.
«2 маусымда Қызылорда облысында +44 градус қатты ыстық күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.
«2 маусымда Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage