2 тамызда Түркістан облысында ЖКО салдарынан қаза тапқандардың үшеуі Өзбекстан азаматы

Алматы. 6 тамыз. ҚазТАГ – 2 тамызда Түркістан облысында ЖКО салдарынан қаза тапқандардың үшеуі Өзбекстан азаматы, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі (ӨзТАГ).
«2019 жылдың 2 тамызында Қазақстанның Түркістан облысы Алматы–Ташкент–Термез тас жолында ЖКО орын алып, оқиға орнында төрт адам қаза тапты, оның екеуі Өзбекстан азаматтары Ф.Т. және Д.А. Үшінші отандасы Р.Ж.алған жарақаттарынан Шымкент қаласындағы қалалық ауруханада көз жұмды», - деп хабарлады сейсенбіде Өзбекстаның сыртқы істер министрлігінен.
Хабарда атап өтілгендей, ЖКО дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүргізілуде.
«Бас елшілік (Алматыдағы Өзбекстанның – ҚазТАГ) жағдайды бақылауына алды және марқұмдардың туыстарына отандастарының денесін елдеріне тасымалдау мәселесінде елшілік-құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтарын шешуге көмектесуде», - деді өзбек СІМ-нен.
Еске салсақ, 2 тамыз күні кешкісін Төле би ауданындағы Алматы-Ташкент-Термез тас жолында ЖКО орын алды. Шымкентке кетіп бара жатқан жүк көлігі қарсы жолға шығып кетіп, Audi және «КамАЗ» көліктеріне соққан. Соның салдарынан аударылып, өртенген. ЖКО салдарынан оқиға орнында Audi жргізушісі мен оның екі жолаушысы қайтыс болса, жүк көлігінің жүргізушісі ауруханада мерт болған. Audi көлігінің тағы бір жолаушысы дене жарақаттарымен жан сақтау бөліміне жеткізілген, «КамАЗ» жүргізушісі полицейлердің айтуынша, зардап шекпеген.

adimage