20-22 шілдеде Қазақстанның оңтүстік-шығысында ыстық қайтады

Астана. 19 шілде. ҚазТАГ – 20-22 шілдеде Қазақстанның оңтүстік-шығысында ыстық қайтады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Демалыс күндері барикалық алқаптын қайта құрылуымен және Қазақстанның солтүстік облыстарына атмосфералық фронттармен бірге Орал аймағынан салқын және ылғал ауа түсе бастайды. Атмосфералық фронттардың оңтүстік-шығыс бағытта баяу жылжуымен кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, дауылды жел және ыстықтың әлсіреуі күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Бірақ республиканың оңтүстік облыстарында әлі де ыстық сақталады, ауа температурасы бұрынғыдай 38...45°С шамасында», - делінген жұмада таратылған хабарда.

adimage