20-дан астам қазақстандық Бахрейнде сексуалдық құлдықтан босатылды

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ - 20-дан астам қазақстандық Бахрейнде сексуалдық құлдықтан босатылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы 21 ҚР азаматшасын сексуалдық құлдықтан босатты. Жақсы жалақы туралы уәдеге сенген жас қыздар Бахрейнге қонақ үйде қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге келген. Алайда, келген бойда күтіп алушылар олардың құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода атап өткендей, қазіргі уақытта барлық күдіктілер, соның ішінде қазақстандық азаматшалар ұсталып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Зардап шеккендер арнайы оңалту орталығына орналастырылды, жуық арада Қазақстанға қайтарылады», - делінген хабарда.

adimage