20 маусымнан бастап Омск-Бурабай күн сайынғы автобусы жүреді

Алматы. 14 маусым. ҚазТАГ – 20 маусымнан бастап Омск-Бурабай күн сайынғы автобусы жүреді, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен.
«Омскоблавтотранс» танымал Бурабай шипажайына автобус рейсінің қайта жанданғанын хабарлады. 20 маусымнан бастап автобустар Омскіден күн сайын жүретін болады», - деп хабарлады қазақстандық дипломаттар.
Хабарда атап өтілгендей, бір жолаушы билеті 1250 рубль тұрады.
«Жолдағы уақыт 10,5 сағатты құрайды. Омскіден автобус сағат 22.10-да шығады, Бурабайға келесі күні ертеңгісін сағат 8.40-та келеді», - деді қазақстандық елшіліктен.

adimage