20 мыңнан астам қазақстандық деструктивті діни идеологияны ұстанады

Күні: 18:09, 06-11-2019.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. 20 мыңнан астам қазақстандық деструктивті діни идеологияны ұстанады, деп мәлімдеді ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталық бастығының орынбасары Сергей Швейкин
«Бүгінгі таңда Қазақстанда деструктивті діни идеологияны ұстанушылар саны, біздің бағалауымызша, 20 мыңнан асады», - деп мәлімдеді Швейкин сәрсенбі күні Қазақстандағы дінтанушылардың IX форумында.
Оның айтуынша, олар әсіресе Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында көптеп тіркелген.
«Соған байланысты біздің басты міндетіміз барынша әлсіз өңірлерде секілді, жалпы елімізде діни ахуалды оңалту болып табылады. Дін саласындағы мамандардың алдындағы маңызды міндет - Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына басымдық беру», - деп атап өтті ол.


Жаңалықтармен бөлісу: