20 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы халқының 7% жуығы вакцина алды

Алматы. 20 сәуір. ҚазТАГ – Мадина Алимханова. 20 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы халқының 7% жуығы вакцина алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«20 сәуірдегі жағдай бойынша өзекті ақпарат: бір тәулікте Алматыда 7655 адам вакцина алған. Жалпы қала бойынша 1 ақпаннан 19 сәуір аралығында 142 139 адам вакцина алған екен», - деп хабарлады Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Атап өтелік, бұл Алматы халқының санына шаққанда 7,1% құрап отыр.
Еске салсақ, мамандардың айтуынша, ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың 60%-ына екпе салу керек, яғни Алматы үшін бұл көрсеткіш 1,2 млн адамды құрайды.

adimage