20 жасар қазақстандық ат үстінен садақ атудан тұңғыш әлем чемпионы атанды

Күні: 18:53, 04-06-2019.

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – 20 жасар қазақстандық ат үстінен садақ атудан тұңғыш әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
«Елордада «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі аясында ат үстінен садақ атудан өткен І Әлем чемпионаты аяқталды. Осы сында қазақстандық мерген Ералхан Айкөз жамбы атудан тұңғыш Әлем чемпионы атанды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ат үстінен садақ атудан І Әлем чемпионатына 12 мемлекеттің 25-ке тарта спортшы-мергендері қатысты.
«Негізгі бәсеке 1-2 маусым күндері өтті. 1 маусым күні «Азиялық стильде», ал, 2 маусым күні «Түрік стилі» мен «Қазақ стилі» бойынша өткен мергендік бәсекелері аяқталып, осы үш жарыстың қорытынды нәтижелері бойынша І Әлем чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Спортшыларға бесінші орынға дейін жүлде берілді. І Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 1 орын – Ералхан Айкөз (Қазақстан), 2 орын – Эрденесувд Эрдене (Монғолия), 3 орын – Ли Сунг Хо (Оңтүстік Корея), 4 орын – Абзал Тулыбеков (Қазақстан), 5 орын – Михай Козмей (Румыния)», - деді мембасқармадан.


Жаңалықтармен бөлісу: