200 шақты қызылордалық кәсіпкер «Бизнес-кеңесші-2» жобасының аясында оқытылды

Қызылорда. 12 қараша. ҚазТАГ – Қызылордада «Бизнес-кеңесші-2» жобасының аясындағы оқыту аяқталды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ-тар.
«Тренингтерге қатысушыларды – кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір салаларында білім деңгейінің жетіспеушілігі салдарынан бизнесті жүргізуде қиындықтарға кезігіп жүрген іс басындағы кәсіпкерлерді – компанияны дамытудың жүйелі басқаруын өздігімен қалай ұйымдастырып, сапалы жоспарлауды қамтамасыз ету, компания қызметін қалайша детальдау керектігін үйретті», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясындағы жоба 2013 жылы бастау алған, деп нақтыланған. Бүгінгі таңда облыста 8 семинар-тренинг өткен. Егер 2013 жылы жоба аясында 48 кәсіпкер оқытылса, онда биыл кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының базасында іс басындағы 190 кәсіпкер оқытудан өтіп үлгерген.

adimage