2008 жылдан бері Ауғанстанға, Иракқа және Сириядағы террористерге 800-ден астам қазақстандық кеткен

Күні: 17:40, 06-11-2019.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. 2008 жылдан бері Ауғанстанға, Иракқа және Сириядағы террористерге 800-ден астам қазақстандық кеткен, деп мәлімдеді ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталық бастығының орынбасары Сергей Швейкин.
«2008 жылы «Аль-Каидамен» (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым – ҚазТАГ) байланысты топтардың құрамына кіру үшін біздің азаматтардың Ауғанстанға кетуінің алғашқы деректері тіркелді. 2013 жылдан бастап туристердің негізгі ағыны Қазақстаннан Сирия мен Иракқа кеткен. Бүгінгі күнге дейін отбасының үлкен мүшелерін қоса алғанда шетелге 800-ден астам қазақстандық азамат кеткен», - деді Швейкин сәрсенбідегі Қазақстан дінтанушыларының IX форумында.
Оның айтуынша, Қазақстан азаматтары Қазақстанда тыйым салынғандарын қоса алғанда ДАИШ, "Аль-Каида», «Исламдық жихад одағы» («Союз исламского джихада») және т.б. негізгі халықаралық террористік ұйымдарға кірген.
«Жихадқа кеткен Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі деструктивті діни идеологияны ұстанғандар. Біз дәстүрлі емес діни ағымдардың барлық өкілдері мен террористерді тең қарамаймыз. Олардың ішінде орынды діншілдер де бар», - деп атап өтті Швейкин.


Жаңалықтармен бөлісу: