2014 жылғы қазанда азық-түлік тауарларының бағасы 2013 жылғы қазанмен салыстырғанда 7,7%-ға өсті

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – 2014 жылғы қазанда азық-түлік тауарларының бағасы 2013 жылғы қазанмен салыстырғанда 7,7%-ға өсті, делінген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.
2014 жылғы қазанда 2013 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 15,4%, ұнға – 14,4%, сүт өнімдеріне – 11,5%, балық және теңіз өнімдеріне – 9,7%, кофе, шай және какаоға – 9,4%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 8,8%, кондитерлік өнімдерге, алкогольді ішімдіктерге – 8,7%-дан, макарон өнімдеріне – 7,8%-ға, жемістер мен көкөністерге – 7,5%, нанға – 6,4%, май және тоң майға – 1,4%-ға өсті. Бағаның төмендеуі жармаларға 2,9%-ға байқалды.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5,1% құрады. Құс етіне баға деңгейі 19,2%, шұжық өнімдеріне – 11,3%, шошқа етіне – 5,4%, жылқы етіне – 2,2%, қой етіне – 0,7%, сиыр етіне – 0,2%-ға жоғары болды.

adimage