2014 жылғы қазанда ҚР өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,2%-ға төмендеді

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – ҚР өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы, өндірістік сипаттағы қызметті есепке алғанда, 2014 жылғы қазан айында алдыңғы аймен салыстырғанда 3,2%-ға төмендеді, делінген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.
Ағымдағы жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде – 4,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 1%-ға төмендеді. Өндірілген өнімге баға - 3,4%-ға арзандады, өндірістік сипаттағы қызметтерге – 0,4%-ға жоғарылады.
Өткен айда бағаның сұйытылған пропан мен бутанға – 7,2%, мұнайға – 5%, газ конденсатына – 4%, мазутқа – 0,3%, көмірге – 0,2%-ға төмендеуі, олардың бензинге – 0,9%-ға жоғарылауы тіркелді.
Баға мырышқа – 11,8%, асыл металдарға – 5,4%, қара металдар илегіне - 3,4%, қорғасынға – 2,8%, мысқа – 2,5%-ға төмендеді, ферроқорытпаларға – 1,5%, алюминийге – 1,2%-ға жоғарылады.
Бағаның қантқа – 6,8%, макарон өнімдеріне – 0,3%-ға төмендеуі, олардың бидай ұнына – 0,8%-ға, құс еті мен  өсімдік майына – 0,6%-дан, мал еті мен балыққа – 0,5%-дан, нанға – 0,2%-ға жоғарылауы тіркелді.

adimage