Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) зейнетақылық активтерінің кірістілігі 2014 жылдың аяғына қарай 6,0 - 6,5%-ды құрайды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі.
Хабарда айтылғандай, Ұлттық Банк 2014 жылдың аяғына қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,0 - 6,5%-ды құрайды деп күтеді. Бұл алдыңғы жылдың 2,2% болған кірістілігінен үш есеге жуық жоғары. 2014 жылы БЖЗҚ жаңа инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялар активтердің негізгі үш тобына жүзеге асырылады:
1) ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары;
2) Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің депозиттері мен
облигациялары;
3) халықаралық эмитенттердің еурооблигациялары.
Инвестицияланатын зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі Жылдық %-бен
Зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға шоғырландырылғаннан кейін (2014 жылғы 1 сәуірге) - 5,28%
Инвестициялар (2014 жылғы 1 сәуір – 2014 жылғы 1 қазан аралығындағы кезеңде). Оның ішінде ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары сәйкесінше, 5,62% және 8,06%. Екінші деңгейдегі банктердің депозиттері 7,39%; 9,03%. Шетел валютасындағы облигациялар 1,93% және 5,82%. Инвестициялардың бүкіл портфелі 5,28% 8,39%
БЖЗҚ инвестициялық портфеліне берілген қаржы құралдарының құнын
бағалаудың объективтілігі үшін Ұлттық Банк тәуелсіз бағалаушы – KPMG
компаниясын тартты. Тәуелсіз бағалаушының қорытындысы негізінде БЖЗҚ
зейнетақы активтерінің портфелін қайта бағалау жүзеге асырылды, оның
нәтижесінде қаржы құралдарының құны 2,2%-ға төмендеді.
Бүгінгі күні БЖЗҚ зейнетақы активтерінің мөлшері 4 295 млрд. теңгені
құрайды.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты30 Қараша 2023, 17:45
-
Тоқаев Йоханнисті Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады30 Қараша 2023, 17:34
-
Самат Әбіштің елден кетіп қалады деуге негіз жоқ- бас прокуратура30 Қараша 2023, 16:53
-
Петропавлдағы мектепте оқушыларға балтамен шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шықты30 Қараша 2023, 16:34