2014 жылы Қазақстан ЖІӨ 4,6%-ға өседі – ХВҚ

Күні: 12:24, 04-11-2014.

Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ - Данияр Дәуітәлиев. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2014 жыл қорытындысында Қазақстанның ЖІӨ өсуін 4,6% деңгейінде болады деп болжап отыр.
«2014 жылы Қазақстанда ЖІӨ өсуі 4,6%, ал 2015 жылға болжам - 4,7%», - делінген сейсенбі күні ХВҚ журналистерге таратқан парақшасында.
Ағымдағы жыл қорытындысында инфляция - 6,9% болады, ал 2015 жылға болжам бойынша - 6,1%-ды құрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: