2014 жылы Оңтүстік Қазақстанда АЭА аумағында Т13,6 млрд сомалық 7 жоба іске асырылды

Шымкент. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстанда 2014 жылы «Оңтүстік» АЭА аумағында Т13,6 млрд сомалық 7 жоба іске асырылды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Биыл «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта (АЭА) 7 жоба іске қосылды. Оған салынған инвестиция сомасы Т13,6 млрд болып, осы кәсіпорындарда 1177 адам жұмысқа орналасты», - деді сәрсенбі күні баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, жыл соңына дейін АЭА-да тағы бір жоба іске қосылады.
Барлығы іске қосуға 19 жоба мақұлданған. Олардың жалпы құны $1 млрд.
Баспасөз қызметінен нақтылап өткендей, «Оңтүстік» АЭА-дағы кейбір жобалар шетелдік инвесторлармен бірлесіп іске асырылуда. Мысалы, «KazKOREAN textile» ЖШС тоқыма фабрикасы 50% кәріс инвесторларына тиесілі. Кәсіпорынды іске қосу Т10,8 млрд. тұрмақшы.
«Ол толық қуатына шығысымен біз жылына 25 мың тонна дайын өнім шығара аламыз», - деді әкімшіліктен.  
Одан басқа, кәріс серктестермен шұлық бұйымдарын шығаратын «Алем БТ» кәсіпорны іске қосылмақшы. Жоба сомасы Т8 млрд онда жобалық қуатына шыққан соң жылына 3 млн дана шұлық бұйымдары шығарылады.

adimage