2014 жылы Оңтүстік Қазақстанда жол картасымен 1258 жұмыс орны ашылды

Күні: 17:56, 23-10-2014.

Шымкент. 23 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жыл басынан бері жол картасы аясында 1258 жұмыс орны ашылды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Облыстың биылғы жылы 9 айындағы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы бойынша бүгін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков мәлімдеме жасады», - деп көрсетлігне облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.
Онда жалпы өңірлік өнім тоғыз айда 980,6 млрд.тг. құрады. Ал, ҮИИД бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасы бойынша 6 жоба іске қосылды. Сонымен қатар өнеркәсіп кәсіпорындарында ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 460,3 млрд. теңгенің өнiмi өндiрiлiп, 54,6 млрд. тг. артқан. «БЖК-2020» бағдарламасы аясында 62,2 млрд. теңгеге 132 жоба мақұлданып, 1258 жұмыс орны ашылды. Баспасөз маслихатында басқарма басшысының орынбасары «Максимум» АИО» ЖШС-гі арқылы 4,7 млрд. теңгеге 1083 жоба қаржыландырылып, 1003 жұмыс орны ашылғандығын айтты. Сондай-ақ, облыс экономикасын дамытуға жыл басынан 293,9 млрд.тг. инвестиция тартылып, 6,2 пайызға артты. Ауыл шаруашылық саласына үлкен мән берілген бұл өңірде аталмыш өнiм көлемi 227,1 млрд. тг. құрап, 6,1 млрд. тг. артқан. Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 57,9 млрд. тг. құрап, жоспар 4,2 пайызға артып отыр деді басқарма басшысының орынбасары. Аймақта 112 білім нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күні оның 26 іске қосылды. «Балапан» бағдарламасы аясында 100 мектепке дейiнгi ұйым ашылып, жалпы саны 1356-ға, қамту деңгейі (3-6 жас аралығында) 72,9%-ға жетті. Ал, денсаулық сақтау саласында 68 нысанның құрылысы жүзеге асырылып, қазіргі таңда 29 нысан іске қосылды. Халықты әлеуметтік қорғау саласында жыл басына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 14,1% кеміп, 3110 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады. «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 29,1 мың адам қамтылды. Облыста 30 ауыз су нысанының құрылысы жүргізіліп, 14 елді мекенде ауыз су құбыры жаңартылады. 47 газбен жабдықтау нысанының құрылысы жүргiзiліп, 65 елді мекен 218,2 мың халық табиғи газбен қамтылып, қамтылған елді мекен саны 319 жетеді. Әбдішүкір Сапарбеков брифинг барысында облыстағы мәдениет және спорт саласына да, тоқталды. Онда өңірде 9 мәдениет нысандары күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, 4 мәдениет үйі мен клуб пайдалануға берілгендігін айтты. Шымкентте жоғары шеберлер мектебі мен Түркістан қаласындағы жүзу бассейні, Қазақстан бокс федерациясының қолдауымен спорт кешені іске қосылғандығын жеткізді. Оңтүстік Қазақстанда 390,2 шақырым жол мен 16 көпір құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар пайдалануға берілген тұрғын үйлердің алаңы 263,4 мың шаршы мертді құрап, 15,9 пайызға артты. 2011-2020 жж. арналған «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы аясында 77 көп қабатты 2616 пәтерлік тұрғын үйлер жөндеуден өтетін болады. Моноқалаға енген Кентауда мөлтек аудандарының инженерлік-коммуникациялық құрылысына, әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелерін құруға, ішкі орам жолдарын жөндеу жұмыстарына 1474 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні қаржы толығымен игерілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 109 елді мекендегі 137 жобаны іске асыруға бюджеттен 1 493,8 млн.тг бағытталды. Сонымен бірге ағымдағы жылы 8 аудан орталықтарының және 164 ауылдық округтерінің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарының жағдайын қолдау және шағын бизнесті дамыту мақсатында 2014-2018 жж.


Жаңалықтармен бөлісу: