2014 жылы Оңтүстік Қазақстанда жол картасымен 1258 жұмыс орны ашылды (түзетілген)

Күні: 11:42, 27-10-2014.

2014 жылы Оңтүстік Қазақстанда жол картасымен 1258 жұмыс орны ашылды (түзетілген)

Шымкент. 23 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жыл басынан бері жол картасы аясында 1258 жұмыс орны ашылды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Өнеркәсіп кәсіпорындарында ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 460,3 млрд. теңгенің өнiмi өндiрiлді. «БЖК-2020» бағдарламасы аясында 62,2 млрд. теңгеге 132 жоба мақұлданып, 1258 жұмыс орны ашылды. Облыс экономикасын дамытуға жыл басынан 293,9 млрд.тг. инвестиция тартылып, ол былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 6,2 пайызға артық болды», - деп хабарлады бейсенбі күні ОҚО әкімшілігінен.
Әкімшілік мәліметтерінше, есептік аралықта ауыл шаруашылықтың жалпы өнiм көлемi Т227,1 млрд. болды. Облыста 30 ауыз су нысанының құрылысы жүргізіліп, 14 елді мекенде ауыз су құбыры жаңартылады. 47 газбен жабдықтау нысанының құрылысы жүргiзiліп, 65 елді мекендегі 218,2 мың халық табиғи газбен қамтылып, газбен қамтылған елді мекен саны 319-ға жетеді.
Одан басқа, өңірде 112 білім нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күні оның 26-сы іске қосылды. «Балапан» бағдарламасы аясында 100 мектепке дейiнгi мекеме ашылып, олардың жалпы саны 1356-ға жетіп, жастары 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту деңгейі  72,9%-ға жетті.
Ал, денсаулық сақтау саласында 68 нысанның құрылысы жүргізілуде, қазіргі таңда 29 нысан іске қосылды.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жыл басына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 14,1% кеміп, 3110 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады. «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 29,1 мың адам қамтылды.
Сондай-ақ 9 мәдениет нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. 4 мәдениет үйі мен клуб пайдалануға тапсырылды. Шымкентте «Жоғарғы шеберлік мектебі», ал Түркістанда – бассейін ашылды.
«Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің алаңы 15,9%-ға артып,  263,4 мың шаршы метрді құрады. 2011-2020 жж. арналған «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы аясында 77 көп қабатты тұрғын үйлер жөндеуден өтетін болады.
Моноқалаға енген Кентауда мөлтек аудандарының инженерлік-коммуникациялық құрылысына, әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелерін құруға, ішкі орам жолдарын жөндеу жұмыстарына 1474 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні қаржы толығымен игерілді», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.
Әкімшілік мәліметтерінше, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 109 елді мекендегі 137 жобаны іске асыруға бюджеттен Т1 493,8 млн. бағытталды.
Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі Т57,9 млрд. құрап, ол жоспардан 4,2%-ға артық болды.


Жаңалықтармен бөлісу: