2014 жылы Қызылорда облысындағы 10 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына Т820 млн астам қаржы бөлінді

Күні: 19:49, 07-10-2014.

Қызылорда. 7 қазан. ҚазТАГ - 2014 жылы Қызылорда облысындағы 10 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына   Т820,8 млн қаржы бөлінді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.  
« 2014 «Жұмыспен қамту  2020» бағдарламасы аясында 10 дәрігерлік амбулатория құрылысына 820,8 млн теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен  535,5 млн теңге, облыстық бюджеттен  242,5 млн теңге», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы   Сапар Рахменшеев сейсенбіде.
Ол Түктібаев, Жалаңтөс, Мұратбаев, Ақсуат, ІІІ Интернационал, Шіркейлі, Бидайкөл ауылдарында республикалық бюджет есебінен 7 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатқанын, Ақай, Қызылжарма, Махамбет ауылдарында облыстық бюджет есебінен 3 нысанның құрылысы жүруде екенін айтты.  
Сонымен қатар, « 350 дәрігерлік амбултория, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен емхана құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында Арал, Қармақшы және Сырдария аудандарында бір ауысымда 250 адамды қабылдай алатын 3 аудандық емхана құрылысы жүріп жатса, Арал  ауданы Сексеуіл стансасында бір ауылдық емхана салынуда.  
Сонымен қатар,   С.Рахменшеев ағымдағы жылы 12 медициналық мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен Т1 млрд 546,5 млн бөлінгенін айтты.  
Сонымен қатар, ол Арал, Жаңақорған, Шиелі және Жалағаш аудандарындағы жылжымалы медициналық пункттердің арқасында 32 мың адамның медициналық  тексеруден өткенін мәлімдеді. Оның ішінде 10,5 мың ауылдықтар  скринингтік тексеруге жататындар болса, 1466-сы балалар.  
« 721 ерлер мен әйелдерде ауру белгілері анықталған. Ем қабылдау тиістілері емделді, қалғандары мамандардан кеңестер алды.  Осындай тексерулерді біз Қармақшы, Қазалы және Сырдария аудандарында өткізуді жоспарлап отырмыз», - деп толықтырды басқарма басшысы.  
Барлығы 2014 жылдың 8 айында 238 мың 576 қызылордалық скринингтен өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: