2014 жылы Қызылорда облысының әлеуметтік дамуына Т120 млрд астам қаражат бөлінген

Күні: 10:16, 04-11-2014.

Қызылорда. 4 қараша. ҚазТАГ – Қызылорда облысының әлеуметтік дамуына ағымдағы жылы Т122 млрд бөлінген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Облыстың әлеуметтік дамуына биыл 122 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылғыдан 20%-ға көп», - деп хабарлады әкімдіктен сейсенбіде.
Атап айтқанда, «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруда мүмкіндігі шектеулі адамдар өмірінің сапасын жақсарту үшін Т7,5 млрд жуық қаржы бөлінген.
«Мүгедектерді медициналық және әлеуметтік оңалту бағдарламасын жүз пайызға орындауға қол жеткізілді», - деп толықтырды әкімдіктен.
Өңірде 26 мың мүгедек тұрады.
Одан өзге, осы жылдың басынан бері 8 мың шақты жұмыс орны құрылғаны хабарланады.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыра бастағалы бері өңірде 20 мың шақты адам белсенді әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Мысалы, биыл облыстық «Жұмыспен қамту жол картасын-2020» іске асыруға Т7 млрд бөлінген болатын. Оған қатысуға 8 мыңдай адам тілек білдірген», - деп атап өтті әкімдіктен.
Кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына 800-ден аса адам бағытталған, шағын несиені мыңдаған ауыл адамдары алып, соның арқасында 1,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
Сондай-ақ әкімдіктегілер халықтың әлеуметтік жағынан осал қабаттарынан шыққан студенттерді қолдау жайынан хабардар етті.
«Бұл санаттағы жас адамдарға облыс әкімінің бастамасымен осымен екінші жыл қатарынан сұранысқа ие мамандықтар бойынша елдің көшбасшы ЖОО-ларында оқуға гранттар бөлінуде. Сондай гранттардың иегерлері 365 қыз-бала атанды», - деп нақтылай өтті баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: