2015 жыл соңына шейін Қазақстанның 5 қаласында ядролық медицина орталықтары ашылады
Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. 2015 жыл соңына шейін Қазақстанның 5 қаласында ядролық медицина орталықтары ашылады, біріншісі Семейде жұмысын бастайды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Серікбол Мусинов.
«Биылғы жыл бойына және 2015 жылы біз бес онкологиялық орталықты жетілдіреміз. Атап айтқанда, 2014 жыл соңына дейін Семейде ядролық медицина орталығы ашылады», - деді С. Мусинов сейсенбі күні ҚР үкіметінің отырысының қорытындысы бойынша өткізген брифингте.
Ол сондай-ақ, осындай орталықтар 2015 жылы Астана, Алматы, Ақтөбе мен Қарағандыда ашылатынын айтты.