2015 жылғы ең үздік педагогы мұғалімдікке кездейсоқ келген екен

Атырау. 29 қазан. ҚазТАГ – «Ең үздік педагог» медалінің иегері Зора Файзуллина мұғалімдікке кездейсоқ келген екен, деп жазады Атырау облысының «Прикаспийская коммуна» газеті.
Жалпы, білім беру саласына Зора Файзуллина мүлдем кездейсоқ келген. Бала кезінде ол жақсы заңгер болуды арман еткен», - делінген «Ең үздік мұғалім-2015» атағының иегеріне арналған материалда.
Мектептен соң ол бір жыл бойына заң факультетіне түсуге дайындалады, аудандық сот атқарушысынан кәсіби машықтан өтеді, себебі ол кезде еңбек өтілінсіз заң факультетіне алмайтын. Ол оқуға түсер сәт келген кезде, қандай да себептермен ол оқуға жолдама ала алмай қалады. Ондай жолдамасыз заң факультетіне алмайтынын білсе де ол Алматыға аттанады. Әрине, университетте оған заң факультетіне түсудің ешқандай мүмкіндігі жоқ дегенді естігенде қатты ренжиді. Ал ол өзінің кентіне кері қайтқысы келмейді.
«Мен не істерімді білмей көшеде көзімнің жасын төгіп келе жаттым да, шет тілдерінің Алматы педагогикалық институтына мектеп бітіруші түлектерді қабылдау болатыны туралы хабарландыруды оқып қуанып кеттім. Мүмкін бұл менің бағым шығар деп, мен тікелей институтқа аттандым. Мектепте ағылшын тілінен менің білімім жаман емес тұғын. Бағыма қарай, мен алғашқы екі емтиханды беске тасырған соң, мені үшінші емтиханнан босатты. Сөйтіп мен автоматты түрде институтқа қабылдандым. Тағдыр мені мұғалімдік кәсіппен ұштастырғанына қуаныштымын, мен өз кәсібімді шексіз ұнатамын. Мен қазір өмірде не болса да кездейсоқ емес дегенге сенімдімін», - дейді З. Файзуллина.
Ағылшын тілінің дипломы бар мұғалімі ретінде ол 3 жыл жұмыс жасап кеткен туған өлкесі Қызылқоға ауданы Қаракөл орта мектебіне оралады.  Балалармен жұмыс жасау барысында ол мұның өз кәсібі екенін, және оны басқа ешқандай мамандыққа ауыстырмайтынын түсінді. Сонымен 1996 жылдан бастап  З. Файзуллина облыстағы үздік мектептердің бірі болып саналатын техникалық гимназияда ағылшын тілін жоғары деңгейде беріп келеді. Сол уақыт ішінде ол өзін өз пәнін білетін және жақсы көретін, жаңалықтарды меңгеруге қызығатын оқушыларын  жақсы көретін дарынды мұғалім ретінде көрсете білді.  Әр сабағын З.Файзуллина бір-біріне ұқсамайтын, балалар үшін түсінікті әрі қызықты қылуға тырысады.  Ол үнемі кәсіби шеберлік деңгейін көтеріп отырады. Тәжірибе алмасу үшін тіпті Америкаға да барып қайтты.  
«Оқуды қойған мұғалім мұғалім болудан қалады»  бұл З.Файзуллинаның өмірлік ұраны.  Сондықтан осы күнге дейін оның оқушыларының бірде-бірінің ҰБТ қорытындысы бойынша «үштік» бағасын алмағаны түсінікті. Олардың көбі елдегі, шетелдегі ірі компанияларда жұмыс жасап, оқып жатыр.  
З.Файзуллинаның оқушыларының көбі түрлі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары. Бұл да ол үшін зор мақтаныш. Оның өзінің жетістіктері де баршылық. Олардың ішіндегі ең үлкені республикалық «Үздік педагог-2015» байқауындағы жеңісі.  
З.Файзуллаевна жолдасы Сәкен Табылдиевпен үш бала тәрбиелеп отыр. Үлкені Айбарша  студент, Ақмоншақ пен Батыргерей мектеп оқушылары.    
«Менің ата-ана ретіндегі парызым балаларыма жақсы білім беру. Бұл туралы мен өз оқушыларыма да күнде айтамын, күш  білімде, және қазір сол білімді игеретін шақ»,  дейді мұғалім.
Қазір  З. Файзуллина техникалық гимназияда ағылшын тілі тереңдетілген кластарда ағылшын тілін оқытады.  

adimage