2015 жылғы көктемде Шымкенттің «жасыл белдеуіне» 25 мың көшет отырғызылады

2015 жылғы көктемде Шымкенттің «жасыл белдеуіне» 25 мың көшет отырғызылады

Шымкент. 27 қараша. ҚазТАГ – 2015 жылғы көктемде Шымкенттің «жасыл белдеуіне» 25 мың көшет отырғызылады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Көктемде Шымкенттің ескі «жасыл белдеуіне» 25 мың көшет отырғызылады. Ол қала айналысында 100 га аумақта 2009 жылдан бері бар. Онда 330 мың көшет отырғызылған және олардың 75%-ы тамырланды», - деді әкімшіліктен бейсенбі күні.
Әкімшіліктен мәлім еткендей, осы «жасыл белдеуде» 2 ұңғы қазылып жатыр. Әзірге көшеттерді 6 ұңғыдан суғаруда.
Одан басқа, Шымкенттің маңындағы 1564 га аумақта отырғызылған көшеттердің 75%-ы тамырланды. Барлығы 652 мың көшет отырғызылған, олардың арасында қарағаш, үйеңкі, шетен, бадамгүл, өрік, алма бар. «Тамырланбағандарының орнына тағы 60 мың көшет отырғызылады», - деді әкімшіліктен.
Бұл ретте облыс әкімі ОҚО-да климаттық жағынан жерсіне алатын ағаштарды отырғызуды тапсырды. Одан басқа, ол топырақты құнарландыра алатын ағаштарды отырғызуға кеңес берді.

adimage