2015 жылдың басынан бері ҚР ҚК 1000-ға жуық әскери қызметші біліктілігін арттырды

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ - 2015 жылдың басынан бері ҚР ҚК 1000-ға жуық әскери қызметші біліктілігін арттырды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің сайтынан.  

«Қазақстандық 1000-ға жуық әскери қызметші осы жылдың басынан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде біліктілікті арттыру факультетінде оқып шықты. 2015 жылдың соңына дейін 36 адам даярлықтан өтпек», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.  

Соның ішінде 15 әскери қызметші – шет тілін қарқынды зерделеу курстарынан, ал 11-і – бригада сержанттары және одан жоғары курстық даярлықтары, сондай-ақ Бас әскери прокуратураның 10 өкілі - біліктілікті көтеру курстарынан өтеді.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, қазіргі кезде оқыту 11 бағыт бойынша жүргізіледі.

«Дегенмен Қазақстан Қарулы Күштерінің түрлері, тектері мен арнайы әскерлері үшін әскери мамандық артықшылықтарымен қоса келер жылы 22 бағытқа дейін кеңейтіп қамтуды жоспарлап отыр», - делінген хабарда.

Факультет құрылған сәттен бері 3 000-нан астам офицер мен сержант даярланды.
  

adimage