2015 жылы Ақтауда ТКШ саласында екі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлауда

Күні: 11:07, 17-10-2014.

Ақтау. 17 қазан. ҚазТАГ - 2015 жылы Ақтауда ТКШ саласында екі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлауда, деп хабарлады Маңғыстаудағы  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ филиалының басшысы Руслан Жүкенов.  
«Бағдарлама аясында («Орнықты даму мен  әлеуметтік-экономикалық жетілдіруге қол жеткізуде Маңғыстау облысының мүмкіндіктерін кеңейту» - ҚазТАГ) келесі жылы біз екі пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - деді Р.Жүкенов.
Сонымен, бірінші жоба Ақтаудың биік үйлерін сумен жабдықтауды жақсартуға бағытталады.
«Біздің өңірде су тапшлығының бары ешкім үшін құпия емес. Ол (жоба - ҚазТАГ) бойынша екі көпқабатты үйде өздігінен су жиналатын сыйымды ыдыстыр орнатылады.    Таңертеңгісін және кешке су көп пайдаланылатын кездерде қысымның жоқтығынан жоғары қабаттарға су жетпей жатқан кезде тетік жұмыс жасайды.  Сол кезде су қоймаларындағы су жоғары қабаттағы пәтер тұрғындарына да беріле бастайды», - деп түсіндірді  Р.Жүкенов.
Оның айтуыша осындай жоба Қарағандыда жүзеге асырылған.  
Екінші жоба, Р.Жүкенов атап өткендей, ПИК (пәтер иелері кооперативі) бірыңғай жүйесінің веб-сайтын құру.  
« Біз онлайн режимде барлық ТПИК (тұтынушылардың) пен ПИК-терді біріктіргіміз келеді, ол тарифтердің ашықтығына алып келеді. Сондай-ақ ол жаққа Ақтау тұрғындары өздерінің арыз-шағымдарымен де бара алады.   Бірыңғай call-центр де құрылады, ол газ, сумен жабдықтау және электр энергиясы бойынша апаттық қызметтерді біріктіреді», - деді орталық басшысы.  


Жаңалықтармен бөлісу: