2015 жылы Атырау облысының бюджетін қысқартады

Күні: 18:57, 13-10-2014.

Атырау. 13 қазан. ҚазТАГ – 2015 жылы Атырау облысының бюджетін қысқартады, деп хабарлады жұма күні «Ақ жайық» газеті.
Мақалада айтылғандай, облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVI сессиясының күн тәртібінің басты тармағы облыс бюджетіне енгізілетін өзгерістер болды.
«Келесі жылы облыстық бюджеттен республикалық бюджетке алым ширекке өсіп, 60 млрд теңгеге жетеді. Сондықтан көптеген бағдарламаларды қаржыландыру қырқылады. Сондықтан ағымдағы жылы қаражатты көптеп игеруге тырысу керек», - деп мәлім етті облыс әкімінің орынбасары Айгүл Ажғалиева.  
Сонымен қатар, оның айтуынша, мемлекеттік сатып алулар барысында үнемделген және игерілмеген қаражат сомасы биыл Т3,8 млрд болды. Олар 2015 жылы қайта бөліске салынады және негізінен жол құрылысына бөлінеді.
Сондай-ақ Т195 млн Қисловодскідегі «Қазақстан геологы» пансионатын күрделі жөндеуден өткізуге және Т216 млн облыстағы барлық аудан орталықтарда үлкен футбол алаңдарын салуға бөледі. Мақат, Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарындағы жаңа құрылыс алағдарын электрлендіруге Т60 млн бөлінеді.


Жаңалықтармен бөлісу: